О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 504 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление водных объектов в обособленное или совместное пользование на конкурсной основе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 504 «Об утверждении регламента государственной услуги «Предоставление водных объектов в обособленное или совместное пользование на конкурсной основе»
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 428
- Қабылданған күні
- 28.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.01.2020 114920_440283.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17N0007214
- ЭКБ идентификаторы
- 114920
- Редакция идентификаторы
- 114920_440283
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:02
0 Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 504 «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6073 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – су объектісін
оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы
негізінде қағаз түрінде облыстың жергілікті атқарушы органы мен
конкурс жеңімпазы арасындағы су объектілерін оқшауланған немесе
бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт не «Су қорын пайдалануды
реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің
стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 19-1/422 бұйрығымен бекітілген «Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11765 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме Стандарттың 9-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің құжаттар қосымшасымен бірге (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) өтінішті қабылдауы болып табылады.».