О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 51 «Об утверждении Правил государственной регистрации судна, в том числе маломерного судна, и прав на него»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 51 «Об утверждении Правил государственной регистрации судна, в том числе маломерного судна, и прав на него»
- Атауы (қаз.)
- «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 02.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2023 193783_692321.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033606
- ЭКБ идентификаторы
- 193783
- Редакция идентификаторы
- 193783_692321
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:01
0 «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
12-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
1 Кемелердің тіркеу нөмірлері
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2023 жылғы 2 қарашадағы
№ 49 Бұйрыққа
1-қосымша
Кемені, оның ішінде
шағын көлемді кемені
және оған құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
1-қосымша
Кемелердің тіркеу нөмірлері
1. Кемелерге тiркеу нөмiрлерiн беру төменде санамаланған литерлерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады:
1) Жоғарғы Ертіс бассейніне – «ER»;
2) Орал бассейніне – «ZH»;
3) Іле бассейніне – «IL»;
4) Балқаш бассейніне – «B»;
5) Есіл бассейніне – «ES»;
6) Сырдария бассейніне – «S»;
7) Каспий бассейніне – «Q»;
8) Орталық бассейнге (Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларына) – «OR».
Жалға алынған шетелдiк кемелердiң тiзiлiмiне енгiзiлген кеменiң тiркеу нөмiрiне «А» әрпi қосылады.
2. Кеменiң тiркеу орнын белгiлеу мақсатында нақты бассейн үшiн белгiленген әрiптiк литерге цифрлық литер де қосылады:
1) Өскемен учаскесі – «ER-1»;
2) Семей учаскесі-« ER -2»;
3) Павлодар учаскесі – «ER-3»;
4) Орал учаскесі-«ZH-1»;
5) Атырау учаскесі-«ZH-2»;
6) Қарағанды учаскесі (орталық бассейн үшін)-«OR-1»;
7) Қарағанды учаскесі (Балқаш бассейні үшін)-«B-1»;
8) Алматы учаскесі (Балқаш бассейні үшін)-«B-2»;
9) Жамбыл учаскесі – «B-3»;
10) Жетісу учаскесі (Балқаш бассейні үшін)-«B-4»;
11) Астана қаласының учаскесі – «ES-1»;
12) Петропавл учаскесі-«ES-2»;
13) Қостанай учаскесі – «ОR-2»;
14) Түркістан учаскесі - «S-1»;
15) Қызылорда учаскесі – «S-2».
2 Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердің тіркеу нөмірлері
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2023 жылғы 2 қарашадағы
№ 49 Бұйрыққа
2-қосымша
Кемені, оның ішінде
шағын көлемді кемені
және оған құқықтарды
мемлекеттік тіркеу
қағидаларына
12-қосымша
Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелердің тіркеу нөмірлері
Уәкiлеттi орган облыстар және қалалар бойынша тiркеу нөмiрлерiн белгiлейдi: