Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 510 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области животного мира»

Қаулы · № 374 · қабылданған 09.08.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-510-ekb-105753/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 510 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области животного мира» Күшін жойған Қаулы ·№ 374 ·09.08.2016
13.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 510 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области животного мира»

Күшін жойған Қаулы ·№ 374 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата от 23 ноября 2015 года № 510 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области животного мира»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 510 «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
374
Қабылданған күні
09.08.2016
Көрсетілген редакция
13.01.2020 105753_440299.kaz
Соңғы өзгеріс
13.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16N0006605
ЭКБ идентификаторы
105753
Редакция идентификаторы
105753_440299
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:08

0 Әкімдіктің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 510 «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 510 «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6075 болып тіркелген, 2015 жылғы

25 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті және «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы көрсетілмейді.»;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
8. Мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті арқылы көрсетілмейді.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы