Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 55 «Об утверждении Правил организации деятельности железнодорожных вокзалов»

Бұйрық · № 185 · қабылданған 12.02.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-55-ekb-100207/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 55 «Об утверждении Правил организации деятельности железнодорожных вокзалов» Қолданыста Бұйрық ·№ 185 ·12.02.2016
12.02.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 55 «Об утверждении Правил организации деятельности железнодорожных вокзалов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 185 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 55 «Об утверждении Правил организации деятельности железнодорожных вокзалов»
Атауы (қаз.)
«Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
185
Қабылданған күні
12.02.2016
Көрсетілген редакция
12.02.2016 100207_64368.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013478
ЭКБ идентификаторы
100207
Редакция идентификаторы
100207_64368
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:32

0 «Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңың 43-1-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10327 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 3 наурызында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидалары:
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мүгедектердің теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдарында және теміржол станцияларында:
1) арнайы жол белгілері орнатыла отырып, мүгедектердің автокөлік құралдарын қоюға арналған орындардың бөлінуі;
2) ғимараттардың, ғимараттарға кіреберіс жолдардың (ғимаратқа кірер жолдардың, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластырылуы;
3) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған мүгедектер үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;
4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;
5) қоғамдық дәретханалардың мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;
6) мүгедектердің кресло-арбаларымен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы қамтамасыз етілуге тиіс.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы