Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 55 «Об утверждении Правил организации деятельности железнодорожных вокзалов»

Бұйрық · № 295 · қабылданған 26.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-55/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 55 «Об утверждении Правил организации деятельности железнодорожных вокзалов» Қолданыста 26.04.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 55 «Об утверждении Правил организации деятельности железнодорожных вокзалов»

Қолданыста Бұйрық № 295 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 января 2015 года № 55 «Об утверждении Правил организации деятельности железнодорожных вокзалов»
Атауы (қаз.)
«Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
295
Қабылданған күні
26.04.2023
Көрсетілген редакция
26.04.2023 180410_630348.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300032382
ЭКБ идентификаторы
180410
Редакция идентификаторы
180410_630348
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:31
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

1. «Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10327 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кластан тыс және 1-ші кластағы теміржол вокзалдарында вокзалдардың техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне байланысты жолаушылар мен халыққа қызмет көрсетуге байланысты қызметтердің қосымша түрлері ұсынылуы мүмкін: қол жүгін сақтау камералары, транзиттік жолаушылардың ұзақ демалу бөлмелері, тамақтану пункттері, шаштараздар, дүкендер, сауда дүңгіршектері, пошта бөлімшесі, айырбастау пункті, дәріханалар, банкоматтар, төлем терминалдары, интернет (WI-FI).
Сервистің барлық пункттері тәулік бойы жұмыс істеуі және мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін оңай қолжетімді болуы тиіс»;
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1. Мүгедектігі бар адамдардың теміржол көлігі саласындағы көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуі үшін теміржол вокзалдарында:
1) жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын тұраққа қою үшін арнайы жол белгілерін орната отырып, орындар бөлуі;
2) ғимараттардың, ғимараттарға кірме жолдың (ғимаратқа кіреберістің, баспалдақтардың), ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарының, мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін ыңғайластыруы;
3) есту және көру қабілеттері бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықталуы;
4) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету үшін кезекші кресло-арбаның болуы;
5) қоғамдық дәретханалардың кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықталуы;
6) кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған арнайы таксофондардың орнатылуы көзделеді.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Теміржол вокзалында класқа байланысты ақылы негізде қосымша мынадай қызметтер көрсетіледі:
1) жолаушылардың, күтіп алушылардың немесе шығарып салушылардың өтініші бойынша дауыс зорайтқышпен хабарландыру;
2) теміржол вокзалындағы тасымалдаушылардың, өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы жарнама;
3) қағаз жеткізгіштегі анықтамалық ақпарат;
4) жолаушыларға арналған демалу бөлмелері, оның ішінде ана мен бала бөлмесі;
5) тегін дәретханаға балама болған кезде қоғамдық дәретханалар;
6) сақтау камералары;
7) жүк тасушылардың қызметтері»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Теміржол вокзалдарында вокзалдардың технологиялық және техникалық мүмкіндіктеріне байланысты жолаушылар мен халыққа қызмет көрсетуге байланысты қосымша қызмет түрлері көрсетілуі мүмкін.».

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.