Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 677 «Об утверждении Перечня товаров, работ, услуг ежедневной и (или) еженедельной потребности на период до подведения итогов государственных закупок способом конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках»

Бұйрық · № 61 · қабылданған 20.01.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-677-ekb-163931/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 677 «Об утверждении Перечня товаров, работ, услуг ежедневной и (или) еженедельной потребности на период до подведения итогов государственных закупок способом конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках» Күшін жойған Бұйрық ·№ 61 ·20.01.2022
01.01.2025 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 677 «Об утверждении Перечня товаров, работ, услуг ежедневной и (или) еженедельной потребности на период до подведения итогов государственных закупок способом конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 61 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 677 «Об утверждении Перечня товаров, работ, услуг ежедневной и (или) еженедельной потребности на период до подведения итогов государственных закупок способом конкурса либо аукциона и вступления в силу договора о государственных закупках»
Атауы (қаз.)
«Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
61
Қабылданған күні
20.01.2022
Көрсетілген редакция
01.01.2025 163931_736297.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200026595
ЭКБ идентификаторы
163931
Редакция идентификаторы
163931_736297
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:41

0

«Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 677 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 12716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе)

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 20 қаңтардағы
№ 61
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2015
жылғы 23 желтоқсандағы
№ 677 бұйрығымен
Бекітілген
Егер мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылатын болса, конкурс не аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күн сайынғы және (немесе) апта сайынғы қажеттіліктегі осындай мемлекеттік сатып алуды тізбесі

1 1. Тамақ өнімдері.

2 2. Жанар-жағармай материалдары.

3 3. А-4, А-3 форматты "қағаз".

4 4. Жолдарды қыста ұстау жөніндегі жүмыстар.

5 5. Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер.

6 6. Жалғыз және туыссыз қайтыс болған азаматтарды жерлеу жөніндегі қызметтер.

7 7. Монша-кір жуу қызметтерін көрсету жөніндегі қызметтер.

8 8. Автокөлік қызметтері.

9 9. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану жөніндегі қызметтер.

10 10. Әкімшілік ғимараттарды ұстау жөніндегі қызметтер:

1 1) ғимараттың ішкі үй-жайларын және қасбетін, сондай-ақ оған жапсарлас аумақты тазалықта ұстау;

2 2) ғимараттарға жапсарлас аумақты абаттандыруды және көгалдандыруды жүргізу және ғимараттардың ішіндегі жасыл екпелерді күтіп-баптау;

3 3) ғимараттардың ішкі үй-жайларын және оған жапсарлас аумақты санитарлық өңдеу;

4 4) оларға жапсарлас аумақтан қоқыс пен қарды шығару;

5 5) күзетпен, дабылдаумен және ғимараттарды, өрт қауіпсіздігі және оған жапсарлас аумақты күзету жөніндегі басқа да қондырғылармен қамтамасыз ету;

6 6) сантехникалық, электромонтаждау жұмыстары;

7 7) лифттық жабдықты техникалық қызмет көрсету.

11 11. Байланыс қызметтері (оның ішінде Интернет, спутниктік, телефон, фелдъегерлік, почта байланысы).

12 12. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу жөніндегі қызметтер.

13 13. Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру жөніндегі қызметтер.

14 14. Серверлік бөлмелерде өрт сөндіру және ауа баптау жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

15 15. Аппаратты-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.

16 16. Заң жобасы нормативнтік құқықтық актілері мен ұғымдардың ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер.

17 17. Ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды жалдау жөніндегі қызметтер.

18 18. Жалға алынатын ғимараттарды, үй-жайларды және (немесе) құрылыстарды ұстау жөніндегі қызметтер.

19 19. Қызметтік және арнаулы автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі қызметтер.

20 20. Ұйымдастыру техникасына шығыс материалдары мен картридждерді толтыру жөніндегі қызметтер.

21 21. Медициналық шығындыларды кәдеге жарату және медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарсыздандыру жөніндегі қызметтер.

22 22. Мүгедектерге арналған санитарлық-гигиеналық құралдар.

23 23. Мүгедектер үшін жеке көмекшінің көрсететін әлеуметтік қызметтері.

24 24. Естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау маманының қызметтері.

25 25. Мүгедектерді арнаулы автокөлікпен тасымалдайтын автокөлік қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер.

26 26. Әкімшілік-аумақтық бірлікті ұстау жөніндегі қызметтер.

1 1) сыртқы жарықтандыру қызметтері;

2 2) декоративтік жарық түсіру қызметтері;

3 3) көшелерді, парктерді, саябақтарды, квартал ішіндегі аумақты жинау (механикалық жинау, қолмен), сондай-ақ қоқыс пен қарды шығарып әкету;

4 4) қазылатын шүңқырлардың қондырғысы, одан су тартып шығару және жөндеу;

5 5) нөсер кәрізін пайдалану;

6 6) субұрқақтарды ұстау жөніндегі жұмыстар;

7 7) селге қарсы іс-шаралар;

8 8) кәріздерден ағынды суларды шығару;

9 9) қаңғыбас жануарларды аулап жинау;

10 10) көмілген жерлерді ағымдағы ұстау.

27 27. Объектілерді күзету жөніндегі қызметтер.

28 28. Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарына арналған тіркеу

құжаттарын (көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін), транзиттік нөмірлерді дайындау бойынша қызметтер.

29 29. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған

(түскен) мүлікті сақтау бойынша қызметтер.

30 30. Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық тутұғырды күтіп ұстау және қызмет көрсету.

31 31. Офистік ұйымдастыру техникасын жалға алу және серверлік ресурстарды жалға алу бойынша қызметтер.

32 32. Газет қағазы (газет басуға арналған қағаз).

Қолданыстағы