О внесении изменений в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 747 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 811 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области использования атомной энергии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 23 декабря 2015 года № 747 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 811 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в области использования атомной энергии»
- Атауы (қаз.)
- «Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 236
- Қабылданған күні
- 19.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2021 157648_533862.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023837
- ЭКБ идентификаторы
- 157648
- Редакция идентификаторы
- 157648_533862
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:32
0
«Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. «Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12678 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 86-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 141-бабының 2-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III және IV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді (бұдан әрі – атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер) тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi №3 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру және тексеру парақтарының нысанын бекіту қағидаларына сәйкес әзірленген.»;
Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарында:
реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
18.
Радиациялық шоғырларға калибрлеу жүргізуге және иондаушы сәулелену көздері жұмысының сапасын бақылауға жауапты медициналық физиктердің:
1) медициналық физиктердің шоғырға калибрлеу жүргізу және сапаны бақылау бойынша дипломдарының және арнайы даярлығы туралы құжаттарының;
2) радиотерапиялық қондырғының сапасын бақылау бағдарламасының және шоғырларға калибрлеу жүргізу және сапасын бақылау соңғы хаттамасының болуы
Елеулі
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
18.
Радиациялық шоғырларға калибрлеу жүргізуге және иондаушы сәулелену көздері жұмысының сапасын бақылауға жауапты медициналық физиктердің:
1) медициналық физиктердің шоғырға калибрлеу жүргізу және сапаны бақылау бойынша дипломдарының және арнайы даярлығы туралы құжаттарының;
2) радиотерапиялық қондырғының сапасын бақылау бағдарламасының және шоғырларға калибрлеу жүргізу және сапасын бақылау соңғы хаттамасының болуы
Елеулі
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағында:
реттік нөмірі 2-жол алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі