Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 787 «Об утверждении Правил эксплуатации радиоэлектронных средств радиолюбительских служб»

Бұйрық · № 224 · қабылданған 25.10.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no-787-ekb-108149/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 787 «Об утверждении Правил эксплуатации радиоэлектронных средств радиолюбительских служб» Қолданыста Бұйрық ·№ 224 ·25.10.2016
25.10.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 787 «Об утверждении Правил эксплуатации радиоэлектронных средств радиолюбительских служб»

Қолданыста Бұйрық ·№ 224 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 787 «Об утверждении Правил эксплуатации радиоэлектронных средств радиолюбительских служб»
Атауы (қаз.)
"Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
224
Қабылданған күні
25.10.2016
Көрсетілген редакция
25.10.2016 108149_130043.kaz
Соңғы өзгеріс
25.10.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014478
ЭКБ идентификаторы
108149
Редакция идентификаторы
108149_130043
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:26

0 «Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12151 болып тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. РЭҚ және ЖЖҚ пайдалануға рұқсат алуға өтінім «электронды үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы электрондық түрде немесе қағаз жүзінде және электрондық тасығышта әуесқойлық радиостанцияны пайдалану орны бойынша аумақтық органға өтінім беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы тапсырылады.
Өтінім қағаз жүзінде және электрондық тасығышта ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен өңделіп, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) ұсынылу үшін тиісті ақпаратттық жүйелер арқылы жолданады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерінің/көшірмеcін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап көшірмесі күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне 1), 2) және 3) осы тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
___________________ А. Мұхамедиұлы
2016 жылғы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы

Қолданыстағы