О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 787 «Об утверждении Правил эксплуатации радиоэлектронных средств радиолюбительских служб»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 июля 2015 года № 787 «Об утверждении Правил эксплуатации радиоэлектронных средств радиолюбительских служб»
- Атауы (қаз.)
- «Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 340/НҚ
- Қабылданған күні
- 17.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2020 146652_483024.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021260
- ЭКБ идентификаторы
- 146652
- Редакция идентификаторы
- 146652_483024
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:45
0 «Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 787 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12151 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Радиоәуесқойлық қызмет – тиісті хабарлама жіберген жеке тұлғалар жүзеге асыратын, өздігінен үйрену, сөйлесу байланысы және техникалық зерттеу мақсаттарына арналған радиобайланыс қызметі.
Қағидаларда Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентінің (International Telecommunication Union, ITU, Женева 2012 жыл) ережелері және Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсыныстары ескерілді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әуесқойлық радиостанцияларды пайдалану әуесқойлық радиостанцияның санатына байланысты қуатқа сәйкес Қазақстан Республикасында әуесқойлық радиобайланыс үшін бөлінген жиілік белдеулерінде жүзеге асырылады.
Радиоәуесқойлық қызметтің санаты келесідей айқындалады:
үшінші санат - хабарлама жіберілген сәттен;
екінші санат - хабарлама жіберілген сәттен бір жылдан бұрын емес;
бірінші санат - хабарлама жіберілген сәттен екі жылдан бұрын емес;
экстра санаты - хабарлама жіберілген сәттен үш жылдан бұрын емес.
Тиісті санаттың шақыру сигналы хабарламада көрсетіледі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану тәртібі»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
5. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-2-бабына сәйкес жеке тұлғалар радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құрылғылары және жоғары жиілікті құралдарын пайдалануды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) «Хабарламалар нысандарын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10194 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жіберуге міндетті.
Хабарлама «электрондық үкіметтің»: www.elicense.kz порталы арқылы жіберіледі.
6. Хабарламаны жеке тұлғалар жібереді.
7. Егер жабдықтың техникалық параметрлері осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген байланыс класындағы әуесқойлық радиостанцияларына рұқсат етілген жиілік жолақтарына, қуатына және сәуле шығару түрлеріне сәйкес келетін болса, радиоәуесқойлар хабарлама негізінде әуесқойлық радиостанцияларды жасайды және пайдаланады.»;
8 және 9-тармақтар алып тасталсын;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ұжымдық пайдалану үшін хабарлама оның басшысының атынан жолданады.
11. Әуесқойлық радиостанцияны ауыстыру, сондай-ақ оның пайдаланушысы, пайдалану аумағы өзгерген жағдайда әуесқойлық радиостанция иесі осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген тәртіпке сәйкес хабарлама жолдайды.»;
12 және 13-тармақтар алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Әуесқойлық радиостанция хабарламада көрсетілген мекенжайда орналастырылады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Жеке әуесқойлық радиостанция иесі өз радиостанциясында жұмыс істеуге Қазақстан Республикасында жеке пайдаланылатын хабарламасы бар кез келген тұлғаны жібере алады. Аталған пайдаланушы өз санатына рұқсат етілген жиіліктер диапазонында, қуатпен, сәуле шығару түрімен өз шақыру сигналымен жұмыс істей алады.
Ұжымдық радиостанция басшысы ұжымдық радиостанцияда жұмыс істеуге осы радиостанция операторларына және жеке радиостанция иелеріне рұқсат ете алады. Ұжымдық радиостанциядағы жұмыс тек қана оның шақыру сигналымен немесе осы шақыру сигналының иесіне рұқсат етілген жиілік диапазонында, қутында, сәулену түріне жеке шақыру сигналымен жүргізіледі.»;
34-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұжымдық немесе жеке радиостанциялардан хабар тарату жұмысына хабарлама жібермеген, ұжымдық радиостанцияның мүшесі болып табылмайтын тұлғаларды жіберуге;»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Әуесқойлық радиостанцияның арнайы шақыру сигналын алу үшін эфирдегі жұмыс басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей уәкілетті органға арнайы шақыру сигналын беру туралы өтініш беріледі.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Жұмыс істеу каналының нөмірі және шақыру сигналдын берумен бірге радиоәуесқойлық ретрансляторды орнату хабарлама негізінде жүзеге асырылады.»;
3, 4, 5 және 6-қосымшалар алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі
вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі