О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 23 октября 2015 года №324 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере медицинской деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 23 октября 2015 года №324 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере медицинской деятельности»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №324 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 133
- Қабылданған күні
- 04.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.12.2019 105116_694727.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16T0003573
- ЭКБ идентификаторы
- 105116
- Редакция идентификаторы
- 105116_694727
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:30
0 Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 23 қазандағы № 324
«Медициналық қызмет саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Атырау облысы әкiмдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №324 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3353 болып тіркелген, 2015 жылы 5 желтоқсанда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) 1-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
1-тармақтың бесінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
барлық мәтін бойынша және 1, 2, 3-қосымшалардағы «ХҚО», «ХҚО-ға» деген сөздер сәйкесінше «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен, «халыққа қызмет көрсету орталығымен» деген сөздер «Мемлекеттік корпорациямен» деген сөздермен өзгертілсін;
2 2) 2-қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
1-тармақтың төртінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);»;
барлық мәтін бойынша және 1, 2, 3-қосымшалардағы «ХҚО», «ХҚО-ға» деген сөздер сәйкесінше «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияға», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен, «халыққа қызмет көрсету орталығымен» деген сөздер «Мемлекеттік корпорациямен» деген сөздермен өзгертілсін.