Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 23 октября 2015 года №325 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере фармацевтической деятельности»

Қаулы · № 158 · қабылданған 18.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2015-no325/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 23 октября 2015 года №325 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере фармацевтической деятельности» Күшін жойған Қаулы ·№ 158 ·18.07.2016
25.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 23 октября 2015 года №325 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере фармацевтической деятельности»

Күшін жойған Қаулы ·№ 158 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 23 октября 2015 года №325 «Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере фармацевтической деятельности»
Атауы (қаз.)
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №325 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
158
Қабылданған күні
18.07.2016
Көрсетілген редакция
25.12.2019 105192_694847.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16T0003578
ЭКБ идентификаторы
105192
Редакция идентификаторы
105192_694847
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:21

0 Атырау облысы әкімдігінің

2015 жылғы 23 қазандағы № 325
«Фармацевтикалық қызмет
саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Атырау облысы әкiмдігінің 2015 жылғы 23 қазандағы №325 «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3354 болып тіркелген, 2015 жылы 5 желтоқсанда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) 1-қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
барлық мәтін бойынша «халыққа қызмет көрсету орталығымен» деген сөздер «Мемлекеттік корпорациямен» деген сөздермен өзгертілсін;

2 2) 2-қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Денсаулық сақтау саласында есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтерге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), облыстың жергілікті атқарушы органы – «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
1-тармақтың бесінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).»;
барлық мәтін бойынша және қосымшаларда «ХҚО» деген сөз «Мемлекеттік корпорация» деген сөздермен, «халыққа қызмет көрсету орталығымен» деген сөздер «Мемлекеттік корпорациямен» деген сөздермен өзгертілсін;

3 3) 3-қосымшада:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Аудандық орталықтан алыс елді мекендердегі бастапқы медициналық-санитариялық консультациялық диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарының дәріхана пункттері арқылы және фармацевтикалық бiлiмi бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәрiхана пункттері арқылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыру үшін медициналық бiлiмi бар мамандарды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
барлық мәтін бойынша «халыққа қызмет көрсету орталығымен» деген сөздер «Мемлекеттік корпорациямен» деген сөздермен өзгертілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.И. Нәутиевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы