О внесении изменений в решение Казалинского районного маслихата от 23 сентября 2015 года №349 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Казалинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Казалинского районного маслихата от 23 сентября 2015 года №349 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Казалинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 381
- Қабылданған күні
- 26.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 26.02.2025 207519_745787.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V25LD858811
- ЭКБ идентификаторы
- 207519
- Редакция идентификаторы
- 207519_745787
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:56
0 «Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №349 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі №349 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5190 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінің 9, 15-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Комиссия отырысы айына 2 рет өткізіледі және аудан әкімінің, мәслихат төрағасының атына наградтау жөнінде ұсыныстар наградтау күніне дейін 10 күн бұрын қабылданады.»;
«15. Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкімін шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.
Шұғыл жағдайларда аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді Комиссияның тиісті қорытындысыз да қабылдай алады.
Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.
Құрмет грамотасымен наградтау мәселелері бойынша құжаттама жүргізуді және есепке алуды «Қазалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.».