О внесении изменений в решение районного маслихата от 23 декабря 2015 года №475-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Курмангазинском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 23 декабря 2015 года №475-V «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам),проживающим в Курмангазинском районе»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №475-V «Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17-VI
- Қабылданған күні
- 25.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 25.04.2024 102679_698694.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TH003519
- ЭКБ идентификаторы
- 102679
- Редакция идентификаторы
- 102679_698694
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:26
0 Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 475-V «Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №475-V «Құрманғазы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3408 санымен тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда аудандық «Серпер» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгерістер енгізілсін:
1
1) 4-тармақтағы «Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Құрманғазы аудандық бөлімі» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Құрманғазы аудандық бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;