Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Актобе от 23 ноября 2016 года № 114 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе»

Ереже · № 335 · қабылданған 25.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2016-no-114-ekb-122301/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Актобе от 23 ноября 2016 года № 114 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе» Күшін жойған Ереже ·№ 335 ·25.05.2018
28.08.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Актобе от 23 ноября 2016 года № 114 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе»

Күшін жойған Ереже ·№ 335 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Актобе от 23 ноября 2016 года № 114 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе»
Атауы (қаз.)
Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
335
Қабылданған күні
25.05.2018
Көрсетілген редакция
28.08.2018 122301_354280.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CA000191
ЭКБ идентификаторы
122301
Редакция идентификаторы
122301_354280
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:22

0 Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5179 болып тіркелген, 2017 жылғы 07 қаңтарында «Актюбинский вестник» газетінде, 2017 жылғы 09 қаңтарында «Ақтөбе» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
«Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi» 2-тарауда:
9-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
11-тармақта:
13) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«13) қала нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша оқудың күндізгі нысанының оқуын төлеу үшін: жетім балалар; балалар үйінің түлектері; бала кезінен мүгедектер; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төрт және одан да көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) көп балалы отбасылар балалары:
Ақтөбе қаласының арнаулы орта оқу орындарында оқудың іс жүзіндегі құны мөлшерінде жүргізіледі және 180 000 (жүз сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде оқу жылы ішінде екі бөліп аударылады.
Оқуға ақшалай төлем есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесін арнайы комиссия анықтайды.
Әлеуметтік көмек студенттерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жылына бір рет, оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі жыл сайынғы төлемдерді өтеуге көрсетіледі;»;
және келесі мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) резидентураның күндізгі оқыту нысанында оқитын резиденттер клиникалық мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу үшін: ата-анасының екеуі де зейнеткер болып табылатын балалар; ата-анасының біреуі немесе екеуі І және ІІ топтағы мүгедек болып табылатын балалар; жетім балалар; балалар үйінің түлектері; бала кезінен мүгедектер; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төрт және одан да көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар балаларына білім алу үшін оқудың ақшалай құны мөлшерінде.».

2 2. «Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
____________ Қ. Отаров
2018 жылғы 25 мамыр

Қолданыстағы