О внесении изменения в решение маслихата города Актобе от 23 ноября 2016 года № 114 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата города Актобе от 23 ноября 2016 года № 114 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Актобе»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 222
- Қабылданған күні
- 22.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2024 176521_704524.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22CA031403
- ЭКБ идентификаторы
- 176521
- Редакция идентификаторы
- 176521_704524
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 21:51
0 Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе қалалық маслихаты ШЕШТІ:
1
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының «Ақтөбе қаласында әлеуметтiк көмек көрсету, мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы» 2016 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешiмiне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5179 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгiзiлсiн:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Ақтөбе қалалық мәслихатының
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 222 Шешімнің қосымшасы
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2016 жылғы 23 қарашадағы
№ 114 шешімімен бекітілді
Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1
1) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2 2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4 4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5 5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6 6) өмiрдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
7 7) уәкiлеттi орган - «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi (әрі қарай - Жұмыспен қамту бөлім);
8 8) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3 3. Осы Қағидалар Ақтөбе қаласында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға таралады.
4 4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Жұмыспен қамту бөлімімен осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте беріледі.
5 5. Әлеуметтiк көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi - алушылар) өмiрдегі қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндерiне ақшалай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.
6
6. «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» (әрі қарай - Заңы) Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
7 7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.
2 2. Әлеуметтік көмек көрсету, алушылар тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
8 8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерге 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерiнде;
2 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерiнде;
3 3) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерiнде;
4
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - бұрынғы КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерiнде;
5
5) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 2 500 (екі мың бес жүз) теңге мөлшерiнде;
6 6) екінші рет некеге тұрмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының жұбайына (зайыбына) жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 2 500 (екі мың бес жүз) теңге мөлшерiнде;
7
7) туберкулездің әртүрлі түрлерімен ауыратын азаматтарға, ай сайын «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынатын тізімдерге сәйкес жылына 6 ай амбулаториялық ем алу мерзіміне 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
8 8) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунтапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне табысы есепке алынбай, ай сайын Ақтөбе облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде.
Әлеуметтік көмек, жоғарыда көрсетілген тұлғаларға, егер олар толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмаған жағдайда көрсетіледі.
9 9. Мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:
1 1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне орай:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерiнде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;
Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасының бесінші абзацта көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркiмен кеткен) адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
Ауғанстанда әскери қызметiн өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшiлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жұбайына 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;
2 2) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
3 3) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай:
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде.