О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 декабря 2016 года № 13/7-VI «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 декабря 2016 года № 13/7-VI «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
- Атауы (қаз.)
- «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 13/7-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 25/11-VI
- Қабылданған күні
- 26.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 17.09.2021 118101_542138.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.09.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VA005432
- ЭКБ идентификаторы
- 118101
- Редакция идентификаторы
- 118101_542138
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:23
0 «Мүгедектер қатарындағы кемтар
балаларды жеке оқыту жоспары бойынша
үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу
туралы» Өскемен қалалық мәслихатының
2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 13/7-VI
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабының 1 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 13/7-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4841 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 1 ақпанда электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 11-бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».