О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 23 июня 2016 года № 187 «Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 23 июня 2016 года № 187 «Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование стоимости услуг по подаче воды сельскохозяйственным товаропроизводителям»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 187 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 317
- Қабылданған күні
- 20.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.03.2020 127185_449053.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18M0003747
- ЭКБ идентификаторы
- 127185
- Редакция идентификаторы
- 127185_449053
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:58
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 187 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 209 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 17145 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 187 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3096 болып тіркелген, 2016 жылы 2 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.»;
5 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті беруші жауапты орындаушысының құжаттарды қабылдауы және жиынтық тізілімін қалыптастыруы - 1 (бір) жұмыс күні;»;
8 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
« 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарастырғаннан кейін, жиынтық тізілімді қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;»;
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы 20 желтоқсан
№ 317 қаулысына қосымша
6 Шартты белгілер:
«Ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілергесу беру қызметтерінің
құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы»
Шартты белгілер: