О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 23 мая 2016 года № 2/220 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 23 мая 2016 года № 2/220 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача удостоверений на право управления самоходными маломерными судами"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 23 мамырдағы № 2/220 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/491
- Қабылданған күні
- 29.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2020 116964_487164.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17R0001435
- ЭКБ идентификаторы
- 116964
- Редакция идентификаторы
- 116964_487164
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:05
0 Алматы қаласы әкімдігінің «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 23 мамырдағы № 2/220 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» 2016 жылғы 23 мамырдағы № 2/220 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1293 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қағаз түріндегі өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына арналған куәлік, өздігінен жүретін шағын көлемдi кемені жүргізу құқығына арналған куәліктің телнұсқасы, не Стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу орны мен күні көрсетілген хабарлама жолданады.».
2
2. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.