Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 230 «Об утверждении Правил производства и оборота органической продукции»

Бұйрық · № 101 · қабылданған 19.03.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2016-no-230-ekb-141152/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 230 «Об утверждении Правил производства и оборота органической продукции» Күшін жойған Бұйрық ·№ 101 ·19.03.2020
12.12.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 230 «Об утверждении Правил производства и оборота органической продукции»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 101 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 230 «Об утверждении Правил производства и оборота органической продукции»
Атауы (қаз.)
«Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
101
Қабылданған күні
19.03.2020
Көрсетілген редакция
12.12.2024 141152_732399.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020277
ЭКБ идентификаторы
141152
Редакция идентификаторы
141152_732399
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 15:33

0 «Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің

2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13875 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 6-1-параграфпен толықтырылсын:
«6-1-параграф. Балық аулау
85-1. Балық аулауды жүргізу кезінде Өндіруші балық аулау жүргізілетін су айдынының экологиялық жүйесінің өсімін молайтуды қолдау мен жақсартуды және су және басқа да табиғи ресурстарын сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ су айдынының экологиялық жүйесіне теріс әсер етуге жол берілмейді.
85-2. «Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10266 болып тіркелген) бекітілген балық аулау тәсілдері осы Қағидалардың 6-параграфының және Заңның 3-тарауының талаптары мен шарттарын сақтау үшін Өндірушінің актілерінде сипатталады.»;
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«108. Өндіруші органикалық өнімді өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау рәсімінен өткеннен кейін органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісін қояды.
Органикалық өнімнің ұлттық сәйкестік белгісінің бейнесі, оған қойылатын техникалық талаптар мен оны басуға қойылатын талаптар ҚР СТ 3109-2017 «Органикалық өнімдер. Органикалық өнімдердің ұлттық сәйкестік белгісі. Техникалық талаптар және органикалық өнімдерді таңбалау тәртібі» Қазақстан Республикасының ұлттық стандартында белгіленеді.»;
124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«124. Органикалық өнімді тасымалдауға арналған барлық көлік құралдарын пайдалануға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 359 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15695 болып тіркелген) бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жол беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі

Қолданыстағы