Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 230 «Об утверждении Правил производства и оборота органической продукции»

Бұйрық · № 145 · қабылданған 03.05.2024
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2016-no-230/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 230 «Об утверждении Правил производства и оборота органической продукции» Күшін жойған Бұйрық ·№ 145 ·03.05.2024
12.12.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 230 «Об утверждении Правил производства и оборота органической продукции»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 145 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 23 мая 2016 года № 230 «Об утверждении Правил производства и оборота органической продукции»
Атауы (қаз.)
«Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
145
Қабылданған күні
03.05.2024
Көрсетілген редакция
12.12.2024 196655_732405.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034361
ЭКБ идентификаторы
196655
Редакция идентификаторы
196655_732405
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:41

0 «Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 230 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13875 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және органикалық өнімді өндіру және оның айналымы тәртібін айқындайды.»;
119-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«119. Органикалық өнімді буып-түю Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен бекітілген «Буып-түю қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 005/2011) Кеден одағының техникалық регламентінің (бұдан әрі – КО ТР 005/2011) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Органикалық өнімді тасымалдау «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының және КО ТР 005/2011 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күнде қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

Қолданыстағы