О внесении изменения в постановление акимата Актогайского района от 23 февраля 2016 года № 30 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и бюджетных программ, товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Актогайского района от 23 февраля 2016 года № 30 «Об определении для заказчиков единого организатора государственных закупок и бюджетных программ, товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок выполняется единым организатором»
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 30 «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 178
- Қабылданған күні
- 09.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2019 105690_414176.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PD005220
- ЭКБ идентификаторы
- 105690
- Редакция идентификаторы
- 105690_414176
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:08
0 Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы
23 ақпандағы № 30 «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, бюджеттік қаражатты оңтайлы, тиімді жұмсау мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 30 «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4989 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда «Ауыл тынысы» № 11 және «Пульс села» № 11 аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «9» тамыздағы № 178
қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын бюджеттік бағдарламалар, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
Р/н
№
Аталуы
1.
Ауданның жергілікті атқарушы органымен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды қарастыратын дамудың бюджеттік бағдарламасы шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу
2.
Егер сатып алуға бөлінген лот сомасы (тармақ жоспары) айлық есептеме көрсеткіштен он бес мың есе асқанда конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу
3.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламаның шеңберінде конкурс (аукцион) тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу