Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 ноября 2016 года № 484 «Об утверждении Правил по утверждению временного компенсирующего тарифа»

Бұйрық · № 100 · қабылданған 11.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2016-no-484/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 ноября 2016 года № 484 «Об утверждении Правил по утверждению временного компенсирующего тарифа» Күшін жойған Бұйрық ·№ 100 ·11.12.2018
22.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 ноября 2016 года № 484 «Об утверждении Правил по утверждению временного компенсирующего тарифа»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 100 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 ноября 2016 года № 484 «Об утверждении Правил по утверждению временного компенсирующего тарифа»
Атауы (қаз.)
«Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
100
Қабылданған күні
11.12.2018
Көрсетілген редакция
22.05.2020 127162_485375.kaz
Соңғы өзгеріс
22.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017978
ЭКБ идентификаторы
127162
Редакция идентификаторы
127162_485375
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:08

0 «Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

«Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14644 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Табиғи монополия субъектісі уақытша өтемдік тарифті бекiту туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгiзгенге дейiн кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын жеткiзеді.
Уақытша өтемдік тарифтің қолданылуы кезеңінде табиғи монополия субъектісі ай сайын коммуналдық көрсетілетін қызметтерді төлеу туралы төлем құжатындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің құнына ескертпе түрінде берілген тарифтерді төмендету туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына жеткізеді.
Реттеліп көрсетілетін қызметтің құнына берілген ескертпеде уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында жарияланған, уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешіміне сілтеме жасалып, тұтынушылардың қаражатын қайтару сомасын көрсетумен бағаны төмендету туралы ақпарат көрсетіледі.».

2 2. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және

Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың

1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі

Қолданыстағы