Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2016 года № 525 «Об установлении лимитов долга местных исполнительных органов на 2017 год»

Бұйрық · № 314 · қабылданған 24.08.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2016-no-525-2017/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2016 года № 525 «Об установлении лимитов долга местных исполнительных органов на 2017 год» Қолданыста Бұйрық ·№ 314 ·24.08.2017
24.08.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2016 года № 525 «Об установлении лимитов долга местных исполнительных органов на 2017 год»

Қолданыста Бұйрық ·№ 314 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2016 года № 525 «Об установлении лимитов долга местных исполнительных органов на 2017 год»
Атауы (қаз.)
«Жергілікті атқарушы органдар борышының 2017 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 525 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
314
Қабылданған күні
24.08.2017
Көрсетілген редакция
24.08.2017 114263_222153.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015567
ЭКБ идентификаторы
114263
Редакция идентификаторы
114263_222153
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:03

0 «Жергілікті атқарушы органдар борышының 2017 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 525 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жергілікті атқарушы органдар борышының 2017 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 525 бұйрығына (Нормативік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14592 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті атқарушы органдар борышының 2017 жылға арналған лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемелекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы « »________________

0 Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 24 тамыздағы
№ 314 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 525 бұйрығына
қосымша

Жергілікті атқарушы орган
Жергілікті атқарушы органдар борышының
лимиті, мың теңге
1
2
3
1
Ақмола облысы
27 617 363,4
2
Ақтөбе облысы
45 479 504,2
3
Алматы облысы
37 991 518,2
4
Атырау облысы
16 693 007,7
5
Шығыс Қазақстан облысы
47 873 676,8
6
Жамбыл облысы
28 705 696,2
7
Батыс Қазақстан облысы
26 230 971,7
8
Қарағанды облысы
36 702 596,0
9
Қостанай облысы
33 181 465,5
10
Қызылорда облысы
42 138 557,1
11
Маңғыстау облысы
25 341 064,3
12
Павлодар облысы
22 289 420,7
13
Солтүстік Қазақстан облысы
24 626 880,5
14
Оңтүстік Қазақстан облысы
55 695 795,2
15
Алматы қаласы
43 504 563,9
16
Астана қаласы
85 058 891,5

Қолданыстағы