О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 23 ноября 2016 года № 70/8-6 «О повышении ставок земельного налога на земли населенных пунктов Целиноградского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 23 ноября 2016 года № 70/8-6 «О повышении ставок земельного налога на земли населенных пунктов Целиноградского района»
- Атауы (қаз.)
- Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 «Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 108/12-6
- Қабылданған күні
- 28.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2022 112018_584648.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BQ005921
- ЭКБ идентификаторы
- 112018
- Редакция идентификаторы
- 112018_584648
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:36
0 Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 «Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Ақмола облысы Целиноград ауданының Воздвиженка ауылын және Воздвиженка ауылдық округін қайта атау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № А-13/578 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5659 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5656 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
кестенің 3-бағанында:
төртінші жолда (аймақ нөмірі I), үшінші, сегізінші жолдарда (аймақ нөмірі III) «Воздвиженка ауылы», «Воздвиженка ауылдық округі» сөздері «Нұресіл ауылы», «Нұресіл ауылдық округі» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі
________________М. Тәткеев
28.03.2017
«Целиноград ауданының
жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_______________А. Нұртазин
28.03.2017