О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 23 декабря 2016 года № 8/65-VI «О возмещениии затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Катон-Карагайского районного маслихата от 23 декабря 2016 года № 8/65-VI «О возмещениии затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
- Атауы (қаз.)
- Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/65-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 36/318-VІ
- Қабылданған күні
- 17.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 26.10.2021 141219_551755.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VM006857
- ЭКБ идентификаторы
- 141219
- Редакция идентификаторы
- 141219_551755
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:37
0 Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/65-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Катонқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8/65-VI «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4850 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 ақпанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 – тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары оқу жылы ағымында ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.».