Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Атырауской области от 23 мая 2017 года № 125 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Атырауской области»

Қаулы · № 9 · қабылданған 26.01.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2017-no-125-ekb-178411/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Атырауской области от 23 мая 2017 года № 125 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Атырауской области» Қолданыста Қаулы ·№ 9 ·26.01.2023
26.01.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Атырауской области от 23 мая 2017 года № 125 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Атырауской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 9 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Атырауской области от 23 мая 2017 года № 125 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление здравоохранения Атырауской области»
Атауы (қаз.)
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 125 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
9
Қабылданған күні
26.01.2023
Көрсетілген редакция
26.01.2023 178411_617070.kaz
Соңғы өзгеріс
26.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23T000009A
ЭКБ идентификаторы
178411
Редакция идентификаторы
178411_617070
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:32

0 Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 125 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы № 125 «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 14-тармағы келесідей мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) сотталғандарды жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бойынша медициналық куәландырудан өткізу үшін арнаулы медициналық комиссия құрады;
20-2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
20-3) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;».

2 2. «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы