Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 февраля 2017 года № 135 «Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих, работников государственных учреждений органов внутренних дел Республики Казахстан и условий установления рабочим надбавки за выслугу лет» и от 1 апреля 2021 года № 190 «Об утверждении Инструкции о приеме на службу в органы внутренних дел, назначении на должность, перемещении, выдвижении по службе, предо

Бұйрық · № 617 · қабылданған 31.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2017-no-135-1-2021-no-190/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 февраля 2017 года № 135 «Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих, работников государственных учреждений органов внутренних дел Республики Казахстан и условий установления рабочим надбавки за выслугу лет» и от 1 апреля 2021 года № 190 «Об утверждении Инструкции о приеме на службу в органы внутренних дел, назначении на должность, перемещении, выдвижении по службе, предо Күшіне енбеген 31.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 февраля 2017 года № 135 «Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих, работников государственных учреждений органов внутренних дел Республики Казахстан и условий установления рабочим надбавки за выслугу лет» и от 1 апреля 2021 года № 190 «Об утверждении Инструкции о приеме на службу в органы внутренних дел, назначении на должность, перемещении, выдвижении по службе, предо

Күшіне енбеген Бұйрық № 617 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 февраля 2017 года № 135 «Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для гражданских служащих, работников государственных учреждений органов внутренних дел Республики Казахстан и условий установления рабочим надбавки за выслугу лет» и от 1 апреля 2021 года № 190 «Об утверждении Инструкции о приеме на службу в органы внутренних дел, назначении на должность, перемещении, выдвижении по службе, предо
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 135 бұйрығына және «Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, де
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
617
Қабылданған күні
31.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
13.09.2026
Көрсетілген редакция
31.08.2026 I229569_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039771
ЭКБ идентификаторы
229569
Редакция идентификаторы
I229569_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.09.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 135 бұйрығына және «Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын және жұмысшыларға еңбек сіңірген жылдары үшін үстемеақы белгілеу шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 135 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14842 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің азаматтық қызметшілері, қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларында:
8-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасы Құрылтайы, Қазақстан Республикасы жергілікті өкілдік органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асыру;».

2. «Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 сәуірдегі № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, қызмет бабында ауыстыру және жоғарылату, демалыстар беру, арнаулы атақтарды беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті басшы – құқық қорғау органының облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) немесе оған теңестірілген мамандандырылған бөлімшесінің басшысы, құқық қорғау органы мекемесінің, ведомствосының басшысы;»;
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай атқарған және оларды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Құрылтайдың депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар қабылдануы мүмкін.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. ІІО кадр қызметі кандидатқа «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 6 және 10-баптарында белгіленген ІІО-ға қызметке қабылданатын адамдарға қойылатын талаптарды жеткізеді.».
«15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бойынша ауыстыруға ұсыну осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бланкіде жасалады және лауазымдар номенклатурасына сәйкес жеке құрам бойынша бұйрықтар шығаруға құқығы бар лауазымды адамдарға жолданады және ІІМ аппаратының мүдделі қызметтерінің, ІІО бөліністерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының басшыларымен келісуге тиіс.».

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.