Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 23 октября 2017 года № 146/20-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Целиноградском районе»

Ереже · № 327/47-6 · қабылданған 13.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2017-no-14620-6-ekb-132590/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 23 октября 2017 года № 146/20-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Целиноградском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 327/47-6 ·13.06.2019
10.07.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 23 октября 2017 года № 146/20-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Целиноградском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 327/47-6 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Целиноградского районного маслихата от 23 октября 2017 года № 146/20-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Целиноградском районе»
Атауы (қаз.)
Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
327/47-6
Қабылданған күні
13.06.2019
Көрсетілген редакция
10.07.2020 132590_471178.kaz
Соңғы өзгеріс
10.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19BQ007238
ЭКБ идентификаторы
132590
Редакция идентификаторы
132590_471178
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:33

0 Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Целиноград аудандық мәслихатының «Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 23 қазандағы № 146/20-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6154 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Целиноград ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі»;
8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

8 «8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына;
ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге;
1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне ұсынылады;
көп балалы отбасыларға;
көп балалы аналарға;
әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен);
ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде және жоғары медициналық оқу орындарында ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне;
анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға) өрт, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

2 2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

3 3) ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы негіздеме болып табылады.»;

9-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
«7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, ең төмен зейнетақыны алатын зейнеткерлерге, 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, соның ішінде ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуіне ұсынылады, көп балалы отбасыларға, көп балалы аналарға - қала маңындағы жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату түрінде.».

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Целиноград ауданының әкімі

Қолданыстағы