О внесении изменения и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 23 августа 2017 года № 148-VІ «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Атырауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в решение Атырауского областного маслихата от 23 августа 2017 года № 148-VІ «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Атырауской области»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ «Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 332-VI
- Қабылданған күні
- 21.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2023 132980_673514.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19T0004433
- ЭКБ идентификаторы
- 132980
- Редакция идентификаторы
- 132980_673514
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:26
0 Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ «Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXXII сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ «Атырау облысындағы көші – қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3942 тіркелген, 2017 жылы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Атырау облысындағы көші – қон процестерін реттеудің қағидаларында:
3 тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;»
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілген оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»