Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 23 августа 2017 года № 148-VІ «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Атырауской области»

Ереже · № 70-VII · қабылданған 29.09.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2017-no-148-v/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 23 августа 2017 года № 148-VІ «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Атырауской области» Күшін жойған Ереже ·№ 70-VII ·29.09.2021
11.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 23 августа 2017 года № 148-VІ «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Атырауской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 70-VII · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Атырауского областного маслихата от 23 августа 2017 года № 148-VІ «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Атырауской области»
Атауы (қаз.)
Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ «Атырау облысындағы көші–қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
70-VII
Қабылданған күні
29.09.2021
Көрсетілген редакция
11.12.2023 159260_673518.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21T000070M
ЭКБ идентификаторы
159260
Редакция идентификаторы
159260_673518
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:33

0 Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ «Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VІ «Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3942 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеудің қағидаларында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін «Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.
6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы