Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Байзакского районного маслихата от 23 октября 2017 года № 19-12 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»

Ереже · № 65-3 · қабылданған 27.04.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2017-no-19-12-ekb-142335/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Байзакского районного маслихата от 23 октября 2017 года № 19-12 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району» Күшін жойған Ереже ·№ 65-3 ·27.04.2020
23.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Байзакского районного маслихата от 23 октября 2017 года № 19-12 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»

Күшін жойған Ереже ·№ 65-3 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Байзакского районного маслихата от 23 октября 2017 года № 19-12 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»
Атауы (қаз.)
«Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 19-12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
65-3
Қабылданған күні
27.04.2020
Қолданысқа енгізілген күні
15.05.2020
Көрсетілген редакция
23.12.2020 142335_505069.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20GB004597
ЭКБ идентификаторы
142335
Редакция идентификаторы
142335_505069
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:46

0 «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №19-12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №19-12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3572 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 17 қарашасында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:
5 тармақтың 1) тармақшасы мазмұндағы 1.7 абзацпен толықтырылсын:
1.7. 9 мамырға – Жеңіс күні 75 жыл толуына байланысты атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмекке қосымша біржолғы әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 700 000 (жеті жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 70 000 (жетпіс мың) теңге көлемінде, Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 85 000 (жетпіс мың) теңге көлемінде, 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 85 000 (жетпіс мың) теңге көлемінде көрсетілсін.
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 85 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде,
1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасына 85 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 70 000 (жетпіс мың) мың) теңге мөлшерінде.
6 тармақта:
3) тармақшасындағы:
"60" саны"70" санымен ауыстырылсын;
6 тармақ 4) тармақшамен толықтырылсын:
ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясы бар кәмелетке толмаған балаларға Республикадағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төменгі күн көріс деңгейінің 2 (екі) еселік мөлшерінде, мерзімді (ай сайын, 12 ай бойында) әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өтінішпен жүгінген айдан бастап тиісті медициналық ұйымдардың анықтамасы негізінде тағайындалады.
7 тармақта:
3) тармақшасындағы:
"60" саны"70" санымен ауыстырылсын;

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы