О внесении изменения в совместное постановление акимата Мангистауской области от 23 февраля 2017 года № 40 и решение Мангистауского областного маслихата от 23 февраля 2017 года № 7/95 «О некоторых вопросах административно-территориального устройства Бейнеуского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в совместное постановление акимата Мангистауской области от 23 февраля 2017 года № 40 и решение Мангистауского областного маслихата от 23 февраля 2017 года № 7/95 «О некоторых вопросах административно-территориального устройства Бейнеуского района»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 40 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/95 «Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 260
- Қабылданған күні
- 11.12.2019
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2019 137092_432090.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19M0004055
- ЭКБ идентификаторы
- 137092
- Редакция идентификаторы
- 137092_432090
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:23
0 Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 40
және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/95 «Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының
кейбір мәселелері туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес және Бейнеу аудандық мәслихаты мен Бейнеу ауданы әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. «Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 40 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 7/95 бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3309 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
4 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Әкімшілік орталығы Құркөл ауылы болатын Бейнеу ауданының Есет селолық округі Есет ауылы болып қайта құрылсын.».
2
2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.