Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 23 августа 2017 года № 473 «Об утверждении Правил организации розыска военнослужащих, скрывающихся от органов дознания, следствия и суда, а также самовольно оставивших месторасположение воинских частей Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Бұйрық · № 500 · қабылданған 05.10.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2017-no-473/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 23 августа 2017 года № 473 «Об утверждении Правил организации розыска военнослужащих, скрывающихся от органов дознания, следствия и суда, а также самовольно оставивших месторасположение воинских частей Вооруженных Сил Республики Казахстан» Күшін жойған 23.05.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 23 августа 2017 года № 473 «Об утверждении Правил организации розыска военнослужащих, скрывающихся от органов дознания, следствия и суда, а также самовольно оставивших месторасположение воинских частей Вооруженных Сил Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық № 500 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 23 августа 2017 года № 473 «Об утверждении Правил организации розыска военнослужащих, скрывающихся от органов дознания, следствия и суда, а также самовольно оставивших месторасположение воинских частей Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
500
Қабылданған күні
05.10.2020
Көрсетілген редакция
23.05.2023 147165_635132.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021375
ЭКБ идентификаторы
147165
Редакция идентификаторы
147165_635132
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:29
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 473 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 473 бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15767 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері орналасқан жерді өз бетінше тастап кеткен әскери қызметшілерді іздестіруді ұйымдастыру қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қорғаныс істері жөніндегі департаменттері бағынысты ЖӘБО-да есепте тұратын БӨБТК әскери қызметшілер туралы ақпаратты жинақтау бойынша жұмыс жүргізеді, бағынысты ЖӘБО-ның БӨБТК әскери қызметшілердін болатын жерін (әскерге шақыру орнын) анықтау жөніндегі жұмысына бақылауды жүзеге асырады, тоқсан сайын деректерді (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, жылы, қандай ЖӘБО және қашан әскерге шақырды, әскери бөлім, гарнизон, БӨБТК күні, үйінің мекенжайы, болатын жері және оларды анықтау бойынша қабылданатын шаралар туралы қолда бар ақпаратты) көрсетумен, іздестірілетін әскери қызметшілердің жинақталған тізімдерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасына (бұдан әрі – ӘПББ) жолдайды.»;
мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. БӨБТК әскери қызметшіні іздестіру және ұстау үшін іздестіру
іс-шараларын жүзеге асыратын әскери полиция органының сұрау салуы негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығымен келісу бойынша әскери техника бөлінеді.».

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің интернет ресурсына орналастыруды;

3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі