Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 23 июля 2018 года № 1140 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан»

Бұйрық · № 174 · қабылданған 09.03.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2018-no-1140-ekb-153237/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 23 июля 2018 года № 1140 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 174 ·09.03.2021
09.03.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 23 июля 2018 года № 1140 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 174 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 23 июля 2018 года № 1140 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
174
Қабылданған күні
09.03.2021
Көрсетілген редакция
09.03.2021 153237_515299.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022335
ЭКБ идентификаторы
153237
Редакция идентификаторы
153237_515299
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:19

0 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17246 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Біржолғы ақшалай сыйақы төлемі қаржыландыру жоспары бойынша Министрлікті және оның аумақтық органдарын ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Министрліктің аппарат басшысының немесе аумақтық органдар басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Министрлік грамотасымен, Әділет министрінің алғысын жариялаумен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы шешімді Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және аумақтық органдардың басшыларының мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып ұсынымдары бойынша қабылдайды және Әділет министрінің бұйрығымен рәсімделеді.
Министрлік грамотасымен, Әділет министрінің алғысын жариялаумен және бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы ұсынымдар мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып жетекшілік ететін министрдің орынбасарымен/вице-министрмен/аппарат басшысымен келісілген Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларының қолымен немесе аумақтық органдар басшыларының қолымен Министрліктің персоналды басқару қызметіне жолданады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Аумақтық органдардың грамотасымен және аумақтық органдары басшысының алғысын жариялаумен көтермелеу туралы шешімді аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсынымдары бойынша қабылдайды және аумақтық органдардың басшыларының бұйрығымен ресімделеді.
Грамотамен және алғысын жариялаумен көтермелеу туралы ұсынымдары мемлекеттік қызметкердің нақты сіңірген қызметтерін сипаттай отырып аумақтық органдардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қолымен персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жолданады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Егер грамотамен, алғыс хатпен көтермелеу мерекелік және мерейтойлық күндерге арналған болса, онда көтермелеу туралы ұсыныс Министрліктің немесе оның аумақтық органадарының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тиісті күнге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей жолданады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Мемлекеттік қызметшілерді Әділет министрі немесе аумақтық органдар басшысының грамотасымен және алғыс хатымен көтермеленуді есепке алуды Министрліктің және оның аумақтық органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүзеге асырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Кадр қызметі департаменті заңмен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы