О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 23 июля 2018 года № 1140 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра юстиции Республики Казахстан от 23 июля 2018 года № 1140 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Министерства юстиции Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1140 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 315
- Қабылданған күні
- 18.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2023 181673_632668.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032535
- ЭКБ идентификаторы
- 181673
- Редакция идентификаторы
- 181673_632668
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:55
0 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1140 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 1140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17246 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Министрліктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:
1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрметті атақ беру;
6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге осы тармақта көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.».