О внесении изменений в решение Иртышского районного маслихата от 23 мая 2018 года № 130-26-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Иртышского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Иртышского районного маслихата от 23 мая 2018 года № 130-26-6 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Иртышского района»
- Атауы (қаз.)
- Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 130-26-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 168-39-6
- Қабылданған күні
- 26.04.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.10.2020 131237_488127.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19PG006338
- ЭКБ идентификаторы
- 131237
- Редакция идентификаторы
- 131237_488127
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:11
0 Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 130-26-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 504 қаулысына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 130-26-6 шешіміне (бұдан әрі – Қағида) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5988 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Қағиданың 1-тарауы 2-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ертіс ауданының бөлімі;»;
Қағиданың 1-қосымшасында:
1-тармағында:
9-3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, өрттің салдарынан тіршілікке қажетті жабдықсыз қалған адамдар;»;
2-тармағында:
бесінші абзацтағы «70 АЕК дейін» деген сөздерден кейін «үш жыл ішінде мұндай көмек түрін бұрын алмаған азаматтарға» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзацтағы «10» саны «20» санына ауыстырылсын;
он бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«осы Тізбенің 1-тармағының 10-3) тармақшасында көрсетілген санаттарға науқастың емделу тәртібін сақтаған жағдайда амбулаторлық емделу мерзіміне жақсартылған тамаққа 7 АЕК мөлшерінде, амбулаториялық емдеу кезеңін көрсете отырып шаруашылықты жүргізу құқығындағы «Ертіс орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны емханасымен берілетін, дәрігерлік кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде.»;
3-тармағында:
жетінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«осы Тізбенің 1-тармағының 9-4) тармақшасында, 15 АЕК дейін мөлшерінде».