О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 23 ноября 2018 года № 27/226 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бейнеуском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бейнеуского районного маслихата от 23 ноября 2018 года № 27/226 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бейнеуском районе»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 27/226 «Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6/58
- Қабылданған күні
- 13.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2024 187398_690823.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23MC461412
- ЭКБ идентификаторы
- 187398
- Редакция идентификаторы
- 187398_690823
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:22
0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы № 27/226 «Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Бейнеу ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы №27/226 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3722 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1 қосымшада:
1 тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
«Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 3 (үш) пайыз мөлшерінде, ал жалғызілікті зейнеткерлер (ерлі-зайыптылар) және барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 1(бір) пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.»;
4 және 5 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.
5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі №295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.».