О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 279 «Об утверждении Правил осуществления акционерным обществом «Фонд проблемных кредитов» видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) им активам и правам требования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 279 «Об утверждении Правил осуществления акционерным обществом «Фонд проблемных кредитов» видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) им активам и правам требования»
- Атауы (қаз.)
- «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 715
- Қабылданған күні
- 30.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2018 124089_344585.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017287
- ЭКБ идентификаторы
- 124089
- Редакция идентификаторы
- 124089_344585
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:36
0 «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16595 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 наурызда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарда:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері Қордың бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған активтер мен талап ету құқықтары бойынша 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалған мәмілелер жағдайларына, сондай-ақ Қордың банктің талап ету құқықтарын және активтерін Қорға банктің мөлшерлес борышын бір мезгілде аудару арқылы (беру жолымен) сатып алу жағдайларына қолданылмайды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті (Д.О. Темірбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;