Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 279 «Об утверждении Правил осуществления акционерным обществом «Фонд проблемных кредитов» видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) им активам и правам требования»

Бұйрық · № 842 · қабылданған 22.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2018-no-279-ekb-124662/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 279 «Об утверждении Правил осуществления акционерным обществом «Фонд проблемных кредитов» видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) им активам и правам требования» Қолданыста Бұйрық ·№ 842 ·22.09.2018
22.09.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 279 «Об утверждении Правил осуществления акционерным обществом «Фонд проблемных кредитов» видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) им активам и правам требования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 842 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 279 «Об утверждении Правил осуществления акционерным обществом «Фонд проблемных кредитов» видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) им активам и правам требования»
Атауы (қаз.)
«Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
842
Қабылданған күні
22.09.2018
Көрсетілген редакция
22.09.2018 124662_352094.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017409
ЭКБ идентификаторы
124662
Редакция идентификаторы
124662_352094
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:08

0 «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы

№ 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16595 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамы сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарда:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері:
бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған активтер мен талап ету құқықтары бойынша Қор 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасаған мәмілелер;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша мақұлданған Негіздемелік келісімдер шеңберінде Қордың мәмілелер жасау;
Қордың банктің талап ету құқықтарын және активтерін Қорға банктің мөлшерлес борышын бір мезгілде аудару арқылы (беру жолымен) сатып алу жағдайларына қолданылмайды.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері:
бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған активтер мен талап ету құқықтары бойынша Қор 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасаған мәмілелер;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша мақұлданған Негіздемелік келісімдер шеңберінде Қордың мәмілелер жасау;
Қордың банктің талап ету құқықтарын және активтерін Қорға банктің мөлшерлес борышын бір мезгілде аудару арқылы (беру жолымен) сатып алу жағдайларына қолданылмайды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті (Д.Ө. Темірбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 15 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

Қолданыстағы