О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 279 «Об утверждении Правил осуществления акционерным обществом «Фонд проблемных кредитов» видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) им активам и правам требования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 279 «Об утверждении Правил осуществления акционерным обществом «Фонд проблемных кредитов» видов деятельности, а также требований к приобретаемым (приобретенным) им активам и правам требования»
- Атауы (қаз.)
- «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 430
- Қабылданған күні
- 27.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.04.2023 180425_630616.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032385
- ЭКБ идентификаторы
- 180425
- Редакция идентификаторы
- 180425_630616
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:28
0 «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының
қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын,
сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы №279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16595 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қор сатып алатын активтердің құны мынадай тәсілдердің біреуімен:
1) бағалау қызметінің субъектісі айқындайтын нарықтық құн бойынша;
2) Қордың ішкі құжаттарымен белгіленетін талаптарға сай келетін дисконтты қолдана отырып, бағалау қызметінің субъектісі айқындайтын нарықтық құн бойынша айқындалады.»;
8-тармақ алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.