Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 280 «О некоторых вопросах временных зон таможенного контроля, мест временного хранения и магазинов беспошлинной торговли»

Бұйрық · № 537 · қабылданған 10.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2018-no-280-ekb-228738/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 280 «О некоторых вопросах временных зон таможенного контроля, мест временного хранения и магазинов беспошлинной торговли» Қолданыста 10.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 280 «О некоторых вопросах временных зон таможенного контроля, мест временного хранения и магазинов беспошлинной торговли»

Қолданыста Бұйрық № 537 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 февраля 2018 года № 280 «О некоторых вопросах временных зон таможенного контроля, мест временного хранения и магазинов беспошлинной торговли»
Атауы (қаз.)
«Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
537
Қабылданған күні
10.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
25.08.2026
Көрсетілген редакция
10.08.2026 228738_838449.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039571
ЭКБ идентификаторы
228738
Редакция идентификаторы
228738_838449
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:12
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16549 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидалары, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимінде:
2-тармақтың бірінші бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кедендік бақылаудың тұрақты аймақтарынан тыс жерлерде тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік бақылауды, жүк және өзге де операциялар жасауды жүзеге асыру мақсатында аумақтық органның лауазымды тұлғасының қызметтік жазбасы, оның ішінде еркін түрде жасалған мүдделі тұлғаның өтініші негізінде астана, облыс, республикалық маңызы бар қала бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – аумақтық орган) басшылары немесе оның орынбасарлары уақытша кедендік бақылау аймағын құру туралы шешім қабылдайды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, ашық және жабық типті кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарда:
4-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, олардың құрылу мен жұмыс істеу қағидаларында:
1-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. БСД қызметін тоқтатқан кезде бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шетел тауарларына қолданылатын кедендік рәсіммен орналастыруға, ал Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары – экспорттың кедендік рәсімімен орналастыруға немесе астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы (бұдан әрі – аумақтық орган) басшысының не оны алмастыратын адамның не аумақтық органның басшысы орынбасарының тиісті шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннің ішінде БСД-нен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкетілуге жатады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларында:
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. БСД-дағы тауарлар Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 110 және 111-баптарына сәйкес міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдана отырып, сондай-ақ Салық кодексінің 207, 208 және 209-баптарына сәйкес шот-фактураны жазып беруге қойылатын талаптарды сақтай отырып өткізіледі.»;
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тауарлар БСД қоймасында астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының қатысуымен немесе келісімімен орналастырылады.».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.