О внесении изменений в постановление акимата города Темиртау от 23 августа 2018 года № 36/2 «О некоторых вопросах реализации и защиты прав инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Темиртау от 23 августа 2018 года № 36/2 «О некоторых вопросах реализации и защиты прав инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 36/2 «Мүгедектердің құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 61/1
- Қабылданған күні
- 23.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 09.07.2024 171093_710963.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22KC029333
- ЭКБ идентификаторы
- 171093
- Редакция идентификаторы
- 171093_710963
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:30
0 Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №36/2 «Мүгедектердің құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 тамыздағы №36/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4942 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«Мүгедек адамдардың құқықтарын іске асыру және қорғаудың кейбір мәселелері туралы»;
қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. Теміртау қаласындағы инватакси қызметтерін алушылардың санаттарын және инватакси қызметін ұсыну үшін объектілер мен межелі орындар тізбесін қызметтерді алушылардың келесі санаттарымен және объектілер, межелі орындар тізбесімен кеңейту:
1) Инватакси қызметін алушылардың санаттары:
қозғалысында қиындық көретін 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
аяқтарында ампутация тұқылдары бар 2 топ мүгедектігі бар адамдар;
жүріс арба көмегімен жүретін 2 топ мүгедектігі бар адамдар;
психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар;
аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедек балалар.
2) Объектілер мен межелі орындардың тізбесі:
«Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қарағанды қаласының медициналық мекемелері (жедел (шұғыл) медициналық көмек көрсету жағдайларын қоспағанда);
Қарағанды қаласының әуежайы және теміржол вокзалдары;
Қарағанды қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдары.».