Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 мая 2018 года № 365 «Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на разведку твердых полезных ископаемых» и Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 мая 2018 года № 366 «Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на добычу твердых полезных ископаемых»

Бұйрық · № 177 · қабылданған 17.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2018-no-365-23-2018-no-366/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 мая 2018 года № 365 «Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на разведку твердых полезных ископаемых» и Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 мая 2018 года № 366 «Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на добычу твердых полезных ископаемых» Қолданыста Бұйрық ·№ 177 ·17.05.2024
17.05.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 мая 2018 года № 365 «Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на разведку твердых полезных ископаемых» и Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 мая 2018 года № 366 «Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на добычу твердых полезных ископаемых»

Қолданыста Бұйрық ·№ 177 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказы Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 мая 2018 года № 365 «Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на разведку твердых полезных ископаемых» и Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 мая 2018 года № 366 «Об утверждении Правил подачи и рассмотрения заявлений на выдачу лицензий на добычу твердых полезных ископаемых»
Атауы (қаз.)
«Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 және «Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
177
Қабылданған күні
17.05.2024
Көрсетілген редакция
17.05.2024 196848_702291.kaz
Соңғы өзгеріс
17.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034389
ЭКБ идентификаторы
196848
Редакция идентификаторы
196848_702291
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:31

0

«Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 және «Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияларды беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 365 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17003 болып тіркелген):
Пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларына қосымшадағы 8-жолдың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) отыз күн мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыда лицензияны беруге өтініш берілген күннің алдындағы үш ай шегінде сұрау салынатын лицензиялар қолданысының бірінші жылында барлауға талап етілетін ең төменгі шығыстарды жабу үшін жеткілікті мөлшерде ақшаның болуын (қалдығын) растайтын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі немесе Ұлттық пошта операторындағы банктік шоты бойынша ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме.
Егер қаражаттың қозғалысы жөніндегі операциялар нәтижесінде мәлімделген отыз күндік кезеңнің қандай да бір күнінде ақша қаражатының қалдығы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында талап етілгеннен кем болып табылса, онда мұндай үзінді өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерінің бар екенін растайтын құжат болып танылмайды. Өтініш берушіде қаржылық мүмкіндіктерді растау мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банкте бірнеше шоттар болған кезде үзінді көшірмелер ұсынылған бірнеше шоттар бойынша ақша қаражатының қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер де жиынтығында ескерілуі мүмкін;».

2

2. «Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру үшін өтініш беру және оны қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № 366 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17001 болып тіркелген):
Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беруге өтініштерді беру және оларды қарау қағидаларына қосымшадағы 8-жолдың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш берушіде лицензия беруге өтініш берілетін күннің алдындағы алты ай шегінде отыз күндік мерзім ішінде сұратылған лицензия қолданысының бірінші жылында өндіруге талап етілетін ең төмен шығыстарды өтеу үшін жеткілікті мөлшерде ақшаның тұрақты болуын (қалдығын) растайтын, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі немесе Ұлттық пошта операторындағы банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірме.
Егер қаражат қозғалысы бойынша операциялар нәтижесінде мәлімделген отыз күндік кезеңнің қандай да бір күнінде ақша қаражатының қалдығы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында талап етілгеннен аз болса, онда мұндай үзінді-көшірме өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжат болып танылмайды. Өтініш берушіде қаржылық мүмкіндіктерді растау мақсаттары үшін бір екінші деңгейдегі банкте бірнеше шоттар болған кезде жиынтығында олар бойынша үзінді-көшірмелер ұсынылған бірнеше шоттар бойынша ақша қаражатының қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер де ескеріледі;».

3 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы