Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 января 2018 года № 47 «Об установлении норм фактических расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу»

Бұйрық · № 683 · қабылданған 04.07.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/23-2018-no-47/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 января 2018 года № 47 «Об установлении норм фактических расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу» Күшін жойған 20.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 января 2018 года № 47 «Об установлении норм фактических расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу»

Күшін жойған Бұйрық № 683 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 января 2018 года № 47 «Об установлении норм фактических расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу»
Атауы (қаз.)
«Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
683
Қабылданған күні
04.07.2019
Көрсетілген редакция
20.05.2026 133161_822327.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019000
ЭКБ идентификаторы
133161
Редакция идентификаторы
133161_822327
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:15
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын

төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
23 қаңтардағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16330 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық төлеушінің салық салынатын табысын азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларында:
2-реттік нөмір жолында:
«Оқу орны» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормаларында:
2-реттік нөмір жолында:
«Оқу орны» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормаларында:
2-реттік нөмір жолында:
«Оқу орны» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы».

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.