О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2018 года № 669 «О некоторых вопросах лицензирования медицинской и фармацевтической деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2018 года № 669 «О некоторых вопросах лицензирования медицинской и фармацевтической деятельности»
- Атауы (қаз.)
- «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 828
- Қабылданған күні
- 08.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2020 149641_498614.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000828
- ЭКБ идентификаторы
- 149641
- Редакция идентификаторы
- 149641_498614
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:17
0 «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 60, 325-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды қоспағанда, медициналық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген фармацевтикалық қызмет түрлерін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
3) тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері эпидемиялық мәні жоғары объектілерге медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.».