О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 23 октября 2018 года № 86/нс «Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сферах информатизации, обеспечения информационной безопасности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 23 октября 2018 года № 86/нс «Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сферах информатизации, обеспечения информационной безопасности»
- Атауы (қаз.)
- «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 48/қе
- Қабылданған күні
- 17.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.07.2020 144997_474456.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021001
- ЭКБ идентификаторы
- 144997
- Редакция идентификаторы
- 144997_474456
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:29
0 «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 2-тармағына, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-2-бабының
2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2 2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі (Қоңқашев Ш.Р.):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында оны орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
1 Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2020 жылғы 17 шілдесі
№ 48/қе бұйрығына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
1-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия
субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
Р/с
№
Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге
ҚҚС ескерілген бағасы, теңге
1
2
3
4
5
1.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныстың және бюджеттік инвестициялардың қаржылық - экономикалық негіздемесінің және техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу:
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған инвестициялық ұсыныстың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу
1 қызмет**
152 622
170 936
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған бюджеттік инвестициялардың қаржылық - экономикалық негіздемесінің ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу
1 қызмет**
178 059
199 426
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырманың ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу
1 қызмет**
178 059
199 426
2.
Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін, қорғалуы мен қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мониторингі мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру
1 қызмет*
887 095 812
993 547 309
3.
Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарының "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да аса маңызды объектілеріндегі ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыру
1 қызмет*
324 845 031
363 826 435
4.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәселелерінде ақпараттандыру объектілерінің меншік иелеріне, иеленушілеріне және пайдаланушыларына жәрдемдесу
1 инцидент
2 214 719
2 480 485
5.
Ақпараттық - коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне келісу
1 қызмет
366 847
410 869
6.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу:
Бастапқы кодтарды талдау
1 Мбайт
8 620
9 654
Жүктемелік сынау
1 пайдалану нұсқасы
471 760
528 371
Желілік инфрақұрылымды зерттеп - қарау
1 кіші желі
825 361
924 405
Ақпараттық қауіпсіздік функцияларын сынау
1 жүйе/
кіші жүйе
750 228
840 255
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін зерттеп-қарау
1 жүйе/
кіші жүйе
755 227
845 855
7.
Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін қолдап отыруды жүзеге асыру
1 қызмет*
115 664 238
129 543 947
8.
Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі жүйесі арқылы «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі
1 қызмет*
352 626 334
394 941 494
9.
Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу:
Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін орнату
1 оқиғалар көзі*
1 825 177
2 044 198
Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары көздерін техникалық қолдап отыру
1 оқиғалар көзі *
7 300 709
8 176 794
Ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мониторингі объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын бақылау
1 IP-мекенжайы*
87 162
97 622
10.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асыру
1 қызмет*
679 150 177
760 648 199
11.
Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық жүйесін техникалық қолдап отыруды жүзеге асыру
1 қызмет*
137 425 104
153 916 117
Ескертпе:
* қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі;
** қызметтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға көрсетіледі.
2 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2020 ______ жылғы «___» _________
№ ____ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
2-қосымша
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
Р/с
№
Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге
ҚҚС ескерілген бағасы, теңге
1
2
3
4
5
1.
Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерін техникалық қолдап отыру
1 қызмет*
1 418 895 047
1 589 162 452
2.
Ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын ұйымдастыру және техникалық қолдап отыру
1 қызмет*
77 444 663
86 738 023
Ескертпе:
* қызметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне көрсетіледі.