О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 23 октября 2018 года № 86/қе «Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сферах информатизации, обеспечения информационной безопасности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 23 октября 2018 года № 86/қе «Об утверждении цен на услуги, реализуемые субъектом государственной монополии в сферах информатизации, обеспечения информационной безопасности»
- Атауы (қаз.)
- «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15/қе
- Қабылданған күні
- 31.03.2022
- Көрсетілген редакция
- 31.03.2022 165997_566814.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.03.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200027385
- ЭКБ идентификаторы
- 165997
- Редакция идентификаторы
- 165997_566814
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:47
0 «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17630 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына, «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
1-қосымша
аталған бұйрықпен бекітілген ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларында:
«
Р/с №
Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
ҚҚС ескерілмеген бағасы, теңге
ҚҚС ескерілген бағасы, теңге
»
деген жол
мынадай редакцияда жазылсын:
«
Р/с №
Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
Қосылған құн салығы
ескерілмеген бағасы, теңге
Қосылған құн салығы
ескерілген бағасы, теңге
»;
осы бұйрықпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. «Ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 23 қазандағы № 86/қе бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17630 болып тіркелді) 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-қызметі (Б.Д. Дәрменов):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің
төрағасы
0 Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2022 жылғы 31 наурыздағы
№ 15/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 23 қазандағы
№ 86/қе бұйрығына
2-қосымша
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі іске асыратын қызметтердің бағалары
Р/с №
Көрсетілетін қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
Қосылған құн салығы
ескерілмеген бағасы, теңге
Қосылған құн салығы
ескерілген бағасы, теңге
1
2
3
4
5
1.
Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесін техникалық қолдап отыру, сондай-ақ халықаралық түйісу нүктелерінің есебін жүргізу
1 қызмет*
1 418 895 047
1 589 162 452
2.
Ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын ұйымдастыру және техникалық қолдап отыру
1 қызмет*
77 444 663
86 738 023
3.
Қазақстан Республикасының аумағында қалааралық және халықаралық байланыс операторларының интернет-трафикпен алмасу нүктелерін ұйымдастыру және техникалық қолдап отыру, сондай-ақ қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу
1 қызмет*
507 693 103
568 616 275
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қызметтер көрсетіледі
»