«О внесении изменений в решение Аральского районного маслихата от 23 мая 2018 года №154 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества поселка Саксаульск Аральского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменений в решение Аральского районного маслихата от 23 мая 2018 года №154 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества поселка Саксаульск Аральского района»
- Атауы (қаз.)
- «Арал ауданы Сексеуіл кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы №154 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 135
- Қабылданған күні
- 21.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2023 190926_674571.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23LC00135M
- ЭКБ идентификаторы
- 190926
- Редакция идентификаторы
- 190926_674571
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:41
0 «Арал ауданы Сексеуіл кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы
23 мамырдағы №154 шешіміне өзгерістеренгізу туралы
Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Арал ауданы Сексеуіл кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы №154 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6306 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Арал ауданы Сексеуіл кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.