О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 23 декабря 2019 года № 1060 «Об утверждении Правил проведения мероприятий по профессиональному и психологическому отбору»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 23 декабря 2019 года № 1060 «Об утверждении Правил проведения мероприятий по профессиональному и психологическому отбору»
- Атауы (қаз.)
- «Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 754
- Қабылданған күні
- 30.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2025 211955_770401.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036377
- ЭКБ идентификаторы
- 211955
- Редакция идентификаторы
- 211955_770401
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:36
0 «Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды
жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 1060
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 1060 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19762 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне (бұдан әрі – Қарулы Күштер) келісімшарт бойынша әскери қызметке және резервтегі әскери қызметке кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайды.».