О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-109/2020 «Об утверждении перечня хронических заболеваний, подлежащих динамическому наблюдению»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-109/2020 «Об утверждении перечня хронических заболеваний, подлежащих динамическому наблюдению»
- Атауы (қаз.)
- «Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 517
- Қабылданған күні
- 07.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.09.2025
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2025 213443_771356.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25RR000517
- ЭКБ идентификаторы
- 213443
- Редакция идентификаторы
- 213443_771356
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:54
0 «Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 88-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2025 жылғы «__» __________
№ ____
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің
2020 жылғы 23 қыркүйегі
№ ҚР ДСМ-109/2020
бұйрығына қосымша
Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі
№
Cозылмалы аурулардың тізбесі
Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесі (10 қайта қарау) бойынша кодтар
1. Инфекциялық және паразитарлық аурулар
1.
В және С және Д вирусты созылмалы гепатит, бауырдың циррозынсыз
B18, В18.0, B18.1. B18.2, B18.8 қоса алғанда
2. Қанайналым жүйесінің аурулары
2.
Артериялық гипертензия:
2.1. Эссенциалды (бастапқы) гипертензия
I10
2.2. Жүректің гипертензиялық ауруы (жүректі басымырақ зақымдайтын гипертониялық ауру)
I11
2.3. Бүйректерді басымырақ зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру
I12
2.4. Жүрек пен бүйректі басымырақ зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру
I13
2.5. Екінші гипертензия
I15
3.
Жүректің ишемиялық ауруы:
3.1. Жүректің тұрақсыз қыспасы
I20.0
3.2. Жүрек қыспасының басқа түрлері
I20.8
3.3. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы
I25
3.4. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі
I 50
3.5. Механикалық құрылғыны имплантациялаудан кейінгі жағдай
Z 95.8
4.
Брахиоцефалдық артерияның экстракраниялдық аурулары:
4.1. Цереброваскулярлық аурулар
I65-I69
4.2. Ми инфаргін тудырмайтын прецеребралдық артерияның бітелуі мен тарылуы
I65
4.3. Ми инфаргіне əкелмейтін ми артерияларының бітелуі мен тарылуы
I66
4.4. Ми-тамырлық басқа аурулар
I67
4.5. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысында ми тамырлырының зақымданулары
I68
4.6. Ми-тамырлық аурулардың салдарлары
I69
4.7. Қол артерияларының эмболиясы мен тромбозы
I74.2
4.8. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы қолқаның қабынуы
I79.1
4.9. Мидың торлы қабығының астына қан құйылу
I 60
4.10. Мидың ішіне қан құйылу
I 61
4.11. Бас сүйек ішіне жарақаттық емес басқа қан құйылу
I 62
4.12. Ишемиялық инсульт
I 63
4.13. Қан құйылу немесе инфаркт ретінде анықталмаған миға қан құйылу
I 64
5.
Жүрек қақпақшасының зақымдануы
Жүрек қақпақшасының ревматикалық зақымдалуы:
I05-I09
5.1. Қос жармалы қақпақшаның ревматикалық аурулары
I05
5.2. Қолқа қақпақшасының ревматикалық аурулары
I06
5.3. Үш жармалы қақпақшаның ревматикалық аурулары
I07
5.4. Бірнеше қақпақшалардың зақымдалуы
I08
5.5. Жүректің ревматикалық басқа аурулары
I09
Жүрек қақпақшаларының ревматикалық емес зақымданулары:
I34-I39
5.6. Қос жармалы қақпақшаның ревматикалық емес зақымданулары
I34
5.7. Қолқа қақпақшасының ревматикалық емес зақымданулары
I35
5.8. Үш жармалы қақпақшаның ревматикалық емес зақымданулары
I36
5.9. Өкпе артериясы қақпақшасының зақымданулары
I37
5.10. Эндокардит, қақпақша анықталмаған
I38
5.11. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы эндокардит пен қақпақшалардың зақымданулары
I39
6.
6.1. Аритмия
I47
6.2. Жүрекшелердің фибрилляциясы мен лупілдеуі
I48
3. Қан және қан шығарушы ағзалардың аурулары
7.
7.1. VIII фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы
D66
7.2. IX фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы
D67
7.3. Виллебранд ауруы
D68.0
7.4. Ұюдың басқа факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы
D68.2
4. Тыныс алу жүйесінің аурулары
8.
Төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы:
8.1. Өкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруы
J44
8.2. Демікпе
J45
5. Ас қорыту жүйесінің ауруы
9.
Жоғарғы асқазан-ішек жолдарының ауруы:
9.1. Эзофагит қабаттасқан асқазан-өңеш рефлюксі
K21.0
Асқазанның және он екі елі ішек ойық жарасы 9.2. Асқазанның ойық жарасы 9.3. Он екі елі ішектің ойық жарасы 9.4. Орналасуы анықталмаған пептикалық ойық жара
K25-К27
К25 К26 К27
9.5. Атрофиялық созылмалы гастрит
K29.4
9.6. Асқазан (полипозы) полипы
K31.7
10.
Инфекциялық емес энтерит және колит:
10.1. Крон ауруы (аймақтық энтерит)
К50
10.2. Ойық жаралы колит
К51
10.3. Инфекциялық емес гастроэнтериттер мен колиттер
K52
11.
Бауыр цирозы 11.1. Бауырдың уыттық зақымдануы 11.2. Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі 11.3. Басқа айдарларда жіктелмеген созылмалы гепатит 11.4. Бауыр фиброзы мен циррозы 11.5. Бауырдың басқа қабынба аурулары 11.6. Бауырдың басқа аурулары
К70-К76
К71
К72
К73
К74
К75
К76
6. Сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің ауруы
12.
Артропатиялар, дорсопатиялар:
12.1. Ревматоидты артрит
М 05-М 06
12.2. Басқа псориаздық артропатиялар
М 07.3
12.3. Жасөспірімдердің (ювенилдік) артриті
М08
12.4. Палиндромды ревматизм
М12.3
12.5. Анкилоздаушы спондилит
М45
13.
Дәнекер тінінің жүйелі түрде зақымдануы:
13.1. Түйінді полиартерит пен сол тектес жағдайлар
М30
13.2. Басқа өлі еттендіруші васкулопатиялар
М 31
13.3. Жүйелі қызыл жегі
М32-М32.9
13.4. Дерматополимиозит
M33-М33.9
13.5. Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия)
М34-М34.9
13.6. Дəнекер тіннің басқа жүйелі зақымдануы
М35
13.7. Ревматикалық полимиалгия
M35.3
13.8. Дәнекер тінінің басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы жүйелі зақымданулары
М36
7. Эндокриндік жүйенің ауруы, тамақтану бұзылыстары және зат алмасу бұзылулары
14.
14.1. Ересек және балалардағы қантты диабетінің І-түрі
Е 10
14.2. Инсулинтәуелсіз қантты диабет
Е11 - Е11.9
14.3. Тамақтану жеткіліксіздігімен байланысты қантты диабет
Е12
14.4. Қантты диабеттің басқа анықталған нысандары
Е13
14.5. Анықталмаған қантты диабет
Е14
15.
Қалқанша безі аурулары:
15.1. Гипотиреоз
Е02
15.2. Тиреотоксикоз
Е05 - Е05.9
8. Нерв жүйесінің ауруы
16.
Нерв жүйесінің басқа дегенерациялық аурулары
G30-G32
17.
Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары
G35-G37
18.
Эпилепсия
G 40
19.
Балалардың церебралдық параличі
G 80
9. Несеп-жыныс жолдарының аурулары
20.
Гломерулярлық аурулар:
20. 1. Бүйректің созылмалы қабыну синдромы
N03
20.2. Нефроздық синдром
N04
20.3. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі
N18
20.4. Бүйрек зақымдануының соңғы сатысы
N18.0
20.5. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің басқа көріністері
N18.8
21.
Бүйректің созылмалы түтік-интерстициалдық қабынуы
N11
22.
Қуық асты безінің гиперплазиясы
N40
23.
Сүт безінің қатерсіз дисплазиясы
N60
24.
Əйелдер жыныс ағзаларының қабынба емес аурулары:
24.1. Эндометриоз
N80
24.2. Əйелдер жыныс ағзаларының түймешігі
N84
24.3. Жатыр денесінің сілемейлі қабығының без тінді гиперплазиясы
N85.0
24.4. Жатыр денесінің сілемейлі қабығының без тінді гиперплазиясы
N85.1
24.5. Жатыр мойнының жалақ жарасы мен эктропионы
N86
24.6. Жатыр мойны сілемейлі қабықтарындағы ақшыл дақтар
N88.0
24.7 Анабездің қатерсіз өспесі
D27
10. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жеке жағдайлар:
25.
Бронх-өкпенің перинаталдық кезеңде пайда болған дисплазиясы
Р27.1
11. Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері), деформациялар мен хромосомалық бұзылулар (балалар)
26.
Операциядан кейінгі туа біткен жүрек ақаулары:
26.1. Жүрек камералары мен қосылыстарының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)
Q20
26.2. Жүрек қалқасының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)
Q21
26.3. Өкпе жəне үш жармалы қақпақшалардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)
Q22
26.4. Қолқа жəне қос жармалы қақпақшалардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)
Q23
26.5. Жүректің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)
Q24
26.6. Ірі артериялардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)
Q25
27.
Өңештің туабіткен ақаулары:
27.1. Өңештің туа біткен ауытқулары
Q39
27.2. Аноректальдың туабіткен ақаулары
Q42
27.3. Туабіткен диафрагмалық жарық
Q79